Астана қаласындағы құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына Астана қаласындағы объектілерді салу бойынша кедендік баж бен қосымша құнға қосылатын салықты өтеуге байланысты шығындарды төлеуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен 1447611 мың (бір миллиард төрт жүз қырық жеті миллион алты жүз он бір мың) теңге бөлсін.
2. Астана қаласының әкімі "Сарыарқа" кешенді даму орталығына 1998 жылы "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорынан алынған уақытша қаржылай көмек бойынша қарызды өтеу есебіне 723805500 (жеті жүз жиырма үш миллион сегіз жүз бес мың бес жүз) теңгені қайтарсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім
бойынша) "Сарыарқа" кешенді даму орталығы алған 723805500 (жеті жүз жиырма
үш миллион сегіз жүз бес мың бес жүз) теңге сомасындағы қаражатты
республикалық бюджетке аударуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаржының
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.