Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 2010 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 P990245_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Заңды тұлғалар қызметкерлердiң оларға еңбекақы түрiнде төленуге жататын кiрiстерiнен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерде ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалуға және оларды табыстарды төлеумен бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға мiндеттi.
      Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын, жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке тұлғалар, осындай қызметкерлердiң оларға еңбекақы түрiнде төленуге жататын кiрiстерiнен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерде ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарынан ұстап қалуға және оларды кiрiстердi төлеумен бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзуге мiндеттi. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мүлiктен түсетiн кiрiстi және салық заңдарына сәйкес ұсталынып қалуға тиiстi шығыстарды алып тастағанда, айлық жиынтық кiрiсiнен өзi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын аяқталған айдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi."
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртiбi.";
      5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Төлеушiлер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын мынадай ставкалар бойынша ұстап қалады:
      заңды тұлғалар - әр қызметкердiң зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнен он процент мөлшерiнде, 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша он жылдан кем әскери қызмет, iшкi iстер органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн зейнетақы мен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн айлық ақшалай үлестiң жиырма процентi мөлшерiнде;
      заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын, жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке тұлғалар - осындай әрбiр қызметкердiң зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнен он процент мөлшерiнде, бiрақ заң актiсiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң он процентiнен кем емес;
      заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өздерi үшiн зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнен он процент мөлшерiнде, бiрақ заң актiсiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң он процентiнен кем емес;
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын:
      жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар - жалақының барлық түрлерiн, сондай-ақ түрлi сыйлықақыларды, тоқтап тұрған уақытқа төлеудi, науқастану парағына төлеудi қоса алғанда қосымша ақыларды, үстеме ақыларды қоса есептегенде қызметкерлерге еңбекақы түрiнде төленетiн кiрiстерден;
      заңды тұлғалар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мөлшерi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай үлестен;
      заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзi үшiн мүлiктен түсетiн кiрiстi және салық заңдарына сәйкес шегеруге қабылданған шығыстарды шығарып тастағанда, айлық жиынтық кiрiстен ұстап қалады";
      9-тармақтың бесiншi абзацындағы "жүргiзiледi" деген сөздiң алдынан "әр ай үшiн жеке" деген сөздермен толықтырылсын";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорына өз қызметкерлерiнiң кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын аударған (банкке қолма-қол енгiзген) кезде төлем құжаттарында тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларының деректемелерiн, ал олармен қоса берiлетiн тiзiмдерде қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтiк дербес кодтарды, олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы-күнiн, жарнаның сомасын және мiндеттi зейнетақы жарнасы төленiп отырған кезеңдi (ай, жыл) көрсетуi тиiс. Егер тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бiр уақытта әлеуметтiк дербес кодты беру үшiн тiркеу кәртiшкесiне енгiзiлген бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады";
      11-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Төлемдердiң мына түрлерiне" деген сөздер "Төлемдердiң мына түрлерiнен ұсталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      21-тармақта:
      "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      26-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төлеушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Төлеушілер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі.";
      29-тармақ алынып тасталсын;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін төлеушілерді тіркеу облыстары, аудандары бойынша келіп түскен

 

тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы

жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне ұсынады.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      





О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года N 245

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1999 года № 2010. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1116

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.10.2013 № 1116 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 1999 года N 245 P990245_ "Об утверждении Правил удержания и перечисления обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 9, ст.69) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах удержания и перечисления обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Юридические лица обязаны ежемесячно удерживать из доходов работников, подлежащих выплате в виде оплаты их труда, обязательные пенсионные взносы в размере, установленном Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", и перечислять их в накопительные пенсионные фонды одновременно с выплатой доходов.
      Физические лица, занимающиеся предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, использующие труд наемных работников, обязаны ежемесячно удерживать из доходов таких работников, подлежащих выплате в виде оплаты их труда, обязательные пенсионные взносы в размере, установленном Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", и вносить их в накопительные пенсионные фонды одновременно с выплатой доходов. Физические лица, занимающиеся предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, обязаны уплачивать за себя обязательные пенсионные взносы из месячного совокупного дохода, за минусом доходов от имущества и расходов, принятых к вычетам в соответствии с налоговым законодательством, не позднее 10 числа месяца, следующего за истекшим.";
      заголовок раздела 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Размер удержаний и порядок перечисления обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды.";
      пункты 5, 6 изложить в следующей редакции:
      "5. Обязательные пенсионные взносы в накопительные пенсионные фонды удерживаются плательщиками по следующим ставкам:
      юридическими лицами - в размере десяти процентов от дохода, принимаемого для исчисления пенсионных взносов, каждого работника; в размере двадцати процентов месячного денежного довольствия, учитываемого для пенсионного обеспечения, военнослужащих, сотрудников органов внутренних дел, имеющих по состоянию на 1 января 1998 года стаж военной службы, службы в органах внутренних дел менее десяти лет;
      физическими лицами, занимающимися предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, использующими труд наемных работников, - в размере десяти процентов от дохода, принимаемого для исчисления пенсионных взносов, но не ниже десяти процентов минимального размера заработной платы, установленного законодательным актом, каждого такого работника;
      физическими лицами, занимающимися предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица за себя, - в размере десяти процентов от дохода, принимаемого для исчисления пенсионных взносов, но не ниже десяти процентов минимального размера заработной платы, установленного законодательным актом.
      6. Обязательные пенсионные взносы в накопительные пенсионные фонды удерживаются:
      юридическими лицами и физическими лицами, занимающимися предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, использующими труд наемных работников - из доходов, выплачиваемых работникам в виде оплаты труда, включая все виды заработной платы, а также различные премии, доплаты, надбавки, включая оплату времени простоя, оплату больничных листов;
      юридическими лицами за военнослужащих и сотрудников органов внутренних дел из денежного довольствия, размер которого устанавливается в соответствии со статьей 63 Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан";
      физическими лицами, занимающимися предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица за себя из месячного совокупного дохода, за минусом доходов от имущества и расходов, принятым к вычетам в соответствии с налоговым законодательством.";
      в абзаце пятом пункта 9 после слов "перечисление производится" дополнить словами "за каждый месяц отдельно";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Физическое лицо, занимающееся предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, перечисляя (внося в банк наличными) суммы обязательных пенсионных взносов, удержанные из доходов своих работников, должно указать в платежных документах реквизиты соответствующих накопительных пенсионных фондов, а в прилагаемых к ним списках социальные индивидуальные коды, присвоенные работникам, их фамилии, имена, отчества, даты рождения, суммы взносов и период (месяц, год), за который уплачиваются обязательные пенсионные взносы. В случае, если фамилия, имя или отчество изменились, одновременно с новой указываются прежние фамилия, имя, отчество, которые были внесены в регистрационную карточку для присвоения социального индивидуального кода.
      Физическое лицо, занимающееся предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, при перечислении или уплате обязательных пенсионных взносов в банк за себя, заполняет платежные документы, указывая в них соответствующие сведения только о себе.";
      в пункте 11:
      в абзаце первом слова "начисляются на следующие виды" заменить словами "удерживаются со следующих";
      абзац седьмой исключить;
      в пункте 21 слово "пяти" заменить словом "десяти";
      в пункте 26:
      в абзаце первом первое предложение изложить в следующей редакции:
      "Уплата пени за несвоевременное перечисление обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды производится плательщиками в порядке, установленном пунктом 4 настоящих Правил для перечисления обязательных пенсионных взносов.";
      дополнить абзацем следующего содержания:
      "В случае несвоевременного перечисления плательщиками пени перечисление производится за каждый месяц отдельно с формированием платежного поручения формата МТ-102 с приложением списка физических лиц.";
      пункт 29 исключить;
      пункт 36 изложить в следующей редакции:
      "36. Для обеспечения контроля за перечислением плательщиками обязательных пенсионных взносов, уплатой пени в установленных случаях, возвратом ошибочно зачисленных сумм обязательных пенсионных взносов, производимых накопительными пенсионными фондами, Центр ежедневно, за прошедший день представляет в Министерство государственных доходов Республики Казахстан реестры поступивших, а также реестры возвращенных ошибочно перечисленных обязательных пенсионных взносов по областям, районам регистрации плательщиков и электронные платежные поручения.".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан    



(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Склярова И.В.)