Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың 2001 жылғы таза кірісін бөлу нормативтерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімі 2001 жылғы 26 қыркүйек N 75-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы  N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мақсатында: 
 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осыған уәкілеттік берген, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша 2001 жылғы 3 қазанға дейінгі мерзімде шаруашылық жүргізу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компанияларға жатқызылғандарын қоспағанда, 2001 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша республикалық бюджетке аударымдарының мөлшерін белгілей отырып, таза кірісті бөлу нормативтерін белгілесін.
 

      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

       Премьер-Министрдің
      бірінші орынбасары

Об установлении нормативов распределения чистого дохода республиканских государственных предприятий за 2001 год

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 26 сентября 2001 года N 75-р

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 19 июня 1995 года N 2335 "О государственном предприятии" и в целях обеспечения доходной части государственного бюджета:
 

      1. Органам государственного управления республиканскими государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения, уполномоченным на это Правительством Республики Казахстан по согласованию с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в срок до 3 октября 2001 года установить нормативы распределения чистого дохода с определением размера отчислений в республиканский бюджет по итогам деятельности подведомственных республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, за исключением отнесенных к национальным компаниям за 2001 год.
 

      2. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Джандосова У.А.         

      Первый заместитель
      Премьер-Министра