Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осыған уәкілеттік берген, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша 2001 жылғы 3 қазанға дейінгі мерзімде шаруашылық жүргізу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компанияларға жатқызылғандарын қоспағанда, 2001 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша республикалық бюджетке аударымдарының мөлшерін белгілей отырып, таза кірісті бөлу нормативтерін белгілесін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министрдің
бірінші орынбасары