Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарын көктеу кезеңінде суғармалық
сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында:
1. Мына құрамда Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Даниал Кенжетайұлы Министрінің бірінші орынбасары,
жетекші
Школьник - Қазақстан Республикасы Премьер-
Владимир Сергеевич Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі, жетекші
Шоқпытов - Қазақстан Республикасының
Андар Мәулешұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрі, орынбасар
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Қаржы бірінші вице-министрі
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Экономика және сауда вице-министрі
Нұрқиянов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Төлеухан Мұратханұлы шаруашылығы вице-министрі
Нұрғисаев - Қызылорда облысының әкімі
Серікбай Өрікбайұлы
Сапарбаев - Оңтүстік Қазақстан облысының
Бердібек Машбекұлы әкімі
Оспанов - Қазақстан Республикасының Жер
Бақыт Сағындықұлы ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Қожақов - Қазақстан Республикасының
Асан Егінбайұлы Сыртқы істер министрлігі ТМД
істері жөніндегі комитетінің
төрағасы
Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Көпболсын ресурстар және қоршаған ортаны
Құдайбергенұлы қорғау министрлігінің Су
ресурстары жөніндегі комитеті
төрағасының орынбасары
Дүкенбаев - "ЭҚРҚО (КОРЭМ)" ЖАҚ
Кенжемұрат Дүкенбайұлы президенті (келісім бойынша)
Дмитриев - "Қазгипроводхоз институты"
Леонид Николаевич өндірістік кооперативінің
директоры (келісім бойынша)
Жүнісов - "Оңтүстіксужобалау" институтының
Марқа Маусынбайұлы директоры (келісім бойынша)
Қыпшақбаев - Қазақстан Республикасының еңбек
Нариман Қыпшақбайұлы сіңірген гидротехнигі
(келісім бойынша)
Сәрсембеков - ҒЭҚ жобасының ұлттық
Төлеген Тәжібайұлы үйлестірушісі (келісім бойынша)
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.12.19. N 99 өкімімен.
2. Жұмыс тобы екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметіне:
1) Нарын-Сырдария құламасы суқоймаларының су-энергетика ресурстарын пайдалануды, көзделген көлемде электр энергиясын қабылдау, бөлу және тұтыну, көмір мен отындық мазутты қайтарма беру жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелердің, Қазақстан Республикасы энергетика ұйымдарының 1994-1997 жылдар кезеңі үшін "Қырғызэнерго" АҚ алдында қалыптасқан қарыздардың өтеу жөніндегі міндеттемелердің атқарылуын;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің суғармалық суды ұтымды пайдалануын және су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын ұстау жөніндегі шығындарды су пайдаланушылар қаражаты есебінен өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшуді;
3) мына құрылыстардың:
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының суармалы жерлеріне
машинамен су беру арқылы Шардара су қоймасынан "Достық" арнасына дейінгі
суағардың;
шектес Тараптардың бара-бар іс-қимылдарына байланысты, Қамбарата
СЭС-інің құрылысын қоса алғанда, Көксарай су қоймасын (ТЭН-нің оң
қорытындысы болған ретте) салудың және Қазақстан тарапының осы жобаға
үлесті қатысуының орындылығын ескере отырып, ұсыныстар енгізсін.
3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен мамандарды тарту, сондай-ақ
мүдделі мемлекеттік органдарын және ұйымдардан қажетті ақпарат алу құқығы
берілсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.