Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарын көктеу кезеңінде сумен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 11 қазан N 81-ө

 


     Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарын көктеу кезеңінде суғармалық

сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында:

     1. Мына құрамда Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:


     Ахметов                       - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Даниал Кенжетайұлы              Министрінің бірінші орынбасары,

                                     жетекші


     Школьник                      - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Владимир Сергеевич              Министрінің орынбасары -

                                     Қазақстан Республикасының

                                     Энергетика және минералдық

                                     ресурстар министрі, жетекші




     Шоқпытов                      - Қазақстан Республикасының

     Андар Мәулешұлы                 Табиғи ресурстар және қоршаған

                                     ортаны қорғау министрі, орынбасар


     Келімбетов                    - Қазақстан Республикасының

     Қайрат Нематұлы                 Қаржы бірінші вице-министрі


     Андрющенко                    - Қазақстан Республикасының

     Александр Иванович              Экономика және сауда вице-министрі


     Нұрқиянов                     - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Төлеухан Мұратханұлы            шаруашылығы вице-министрі


     Нұрғисаев                     - Қызылорда облысының әкімі

     Серікбай Өрікбайұлы       


     Сапарбаев                     - Оңтүстік Қазақстан облысының

     Бердібек Машбекұлы              әкімі


     Оспанов                       - Қазақстан Республикасының Жер

     Бақыт Сағындықұлы               ресурстарын басқару жөніндегі

                                     агенттігінің төрағасы


     Қожақов                       - Қазақстан Республикасының

     Асан Егінбайұлы                 Сыртқы істер министрлігі ТМД

                                     істері жөніндегі комитетінің

                                     төрағасы


     Құдайбергенов                 - Қазақстан Республикасы Табиғи

     Көпболсын                       ресурстар және қоршаған ортаны

     Құдайбергенұлы                  қорғау министрлігінің Су

                                     ресурстары жөніндегі комитеті

                                     төрағасының орынбасары


     Дүкенбаев                     - "ЭҚРҚО (КОРЭМ)" ЖАҚ

     Кенжемұрат Дүкенбайұлы          президенті (келісім бойынша)


     Дмитриев                      - "Қазгипроводхоз институты"

     Леонид Николаевич               өндірістік кооперативінің

                                     директоры (келісім бойынша)


     Жүнісов                       - "Оңтүстіксужобалау" институтының

     Марқа Маусынбайұлы              директоры (келісім бойынша)


     Қыпшақбаев                    - Қазақстан Республикасының еңбек

     Нариман Қыпшақбайұлы            сіңірген гидротехнигі

                                     (келісім бойынша)


     Сәрсембеков                   - ҒЭҚ жобасының ұлттық

     Төлеген Тәжібайұлы              үйлестірушісі (келісім бойынша)


     Коржова Наталья Артемовна     - Қазақстан Республикасының Қаржы      

                                     вице-министрі




     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.12.19. N 99 өкімімен.



R010099_



     2. Жұмыс тобы екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметіне:


 
       1) Нарын-Сырдария құламасы суқоймаларының су-энергетика ресурстарын пайдалануды, көзделген көлемде электр энергиясын қабылдау, бөлу және тұтыну, көмір мен отындық мазутты қайтарма беру жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелердің, Қазақстан Республикасы энергетика ұйымдарының 1994-1997 жылдар кезеңі үшін "Қырғызэнерго" АҚ алдында қалыптасқан қарыздардың өтеу жөніндегі міндеттемелердің атқарылуын;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің суғармалық суды ұтымды пайдалануын және су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын ұстау жөніндегі шығындарды су пайдаланушылар қаражаты есебінен өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшуді;
      3) мына құрылыстардың:
      Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының суармалы жерлеріне

 

машинамен су беру арқылы Шардара су қоймасынан "Достық" арнасына дейінгі

суағардың;

     шектес Тараптардың бара-бар іс-қимылдарына байланысты, Қамбарата

СЭС-інің құрылысын қоса алғанда, Көксарай су қоймасын (ТЭН-нің оң

қорытындысы болған ретте) салудың және Қазақстан тарапының осы жобаға

үлесті қатысуының орындылығын ескере отырып, ұсыныстар енгізсін.

     3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен мамандарды тарту, сондай-ақ

мүдделі мемлекеттік органдарын және ұйымдардан қажетті ақпарат алу құқығы

берілсін.


     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады