1. Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету және ипотекалық
несиелендiру проблемасы жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында мынадай
құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы вице-министрi, жетекшi;
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Экономика және сауда бiрiншi вице-
министрi, жетекшiнiң орынбасары;
Жұмыс тобының мүшелерi:
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бектас Ғафурұлы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу
жөнiндегi комитетiнiң төрағасы;
Аманбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Мұрат Ермұханұлы министрлiгi Қаржы бақылау
комитетiнiң төрағасы;
Әбдiқалықов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қанат Әлiмбайұлы министрлiгi Заң қызметi
департаментiнiң директоры;
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстембек Қуатәлiұлы министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алу
департаментi Несиелендiру
басқармасының бастығы.
2. "Астана-Қаржы" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Астана-Қаржы" ААҚ) және "Қазақстандық ипотекалық компания" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "ҚИК" ЖАҚ) ипотекалық несиелендiруге қатысты барлық қажеттi материалдарды жұмыс тобына беру ұсынылсын.
3. Жұмыс тобы:
1) оны өткізу қорытындысы бойынша "Астана-Қаржы" ААҚ жеңімпазы болып
анықталған тендердің шарттары мен нәтижелеріне;
"Астана-Қаржы" ААҚ-ның тендер құжаттамасында көрсетілген
міндеттемелерінің орындалуына;
"ҚИК" ЖАҚ жүзеге асыратын қарыз алу мен несиелендірудің шарттарына
талдау жүргізсін;
2) 2001 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының
Үкіметіне аталған мәселелер бойынша қорытынды дайындасын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.