Ипотекалық несиелендiру проблемасы жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 3 қараша N 86-ө

      1. Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету және ипотекалық

 

несиелендiру проблемасы жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында мынадай

құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:


Дунаев                           - Қазақстан Республикасының Қаржы

Арман Ғалиасқарұлы                 вице-министрi, жетекшi;


Андрющенко                       - Қазақстан Республикасының

Александр Иванович                 Экономика және сауда бiрiншi вице-

                                   министрi, жетекшiнiң орынбасары;


                          Жұмыс тобының мүшелерi:


Мұхамеджанов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы 

Бектас Ғафурұлы                    министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу

                                   жөнiндегi комитетiнiң төрағасы;


Аманбаев                         - Қазақстан Республикасының Қаржы

Мұрат Ермұханұлы                   министрлiгi Қаржы бақылау

                                   комитетiнiң төрағасы;


Әбдiқалықов                      - Қазақстан Республикасының Қаржы

Қанат Әлiмбайұлы                   министрлiгi Заң қызметi

                                   департаментiнiң директоры;


Ыбырайымов                       - Қазақстан Республикасының Қаржы

Рүстембек Қуатәлiұлы               министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алу

                                   департаментi Несиелендiру

                                   басқармасының бастығы.



 
       2. "Астана-Қаржы" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Астана-Қаржы" ААҚ) және "Қазақстандық ипотекалық компания" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "ҚИК" ЖАҚ) ипотекалық несиелендiруге қатысты барлық қажеттi материалдарды жұмыс тобына беру ұсынылсын.
      3. Жұмыс тобы:
      1) оны өткізу қорытындысы бойынша "Астана-Қаржы" ААҚ жеңімпазы болып

 

анықталған тендердің шарттары мен нәтижелеріне;

     "Астана-Қаржы" ААҚ-ның  тендер құжаттамасында көрсетілген

міндеттемелерінің орындалуына;

     "ҚИК" ЖАҚ жүзеге асыратын қарыз алу мен несиелендірудің шарттарына

талдау жүргізсін;

     2) 2001 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының

Үкіметіне аталған мәселелер бойынша қорытынды дайындасын.

     4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.


     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады