"Адвокаттық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2001 жылғы 27 тамыздағы N 68
өкіміне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
"Адвокаттық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
мына жол:
"Қуанышбаева - Қазақстан Республикасы
Роза Сақтағанқызы Әділет министрлігінің
Тіркеу қызметі комитеті
төрағасының орынбасары"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Қуанышбаева - Қазақстан Республикасы
Роза Сақтағанқызы Адвокаттар одағының
президенті (келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан Берік Мәжитұлы Имашев шығарылсын;
2) 2-тармақта "2001 жылғы 20 қазанға" деген сөздер "2002 жылғы 1
маусымға" деген сөздермен ауыстырылсын.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.