Қазақстан Республикасының Үкiметi мәжiлiсiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы
N 4 хаттамасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) және оны
iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) уақтылы
әзiрлеу мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының
Алтай Абылайұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Басшысы, жетекшi
Еламанов - Қазақстан Республикасының
Болат Далдайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар бiрiншi вице-министрi
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм бiрiншi вице-министрi
Шнейдмюллер - Қазақстан Республикасының Көлiк
Владимир Викторович және коммуникациялар бiрiншi
вице-министрi
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бейсенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банкi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Аймақов - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Жаңабекұлы Экономика және сауда вице-министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Құсайынұлы Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi
Өтеулина - Қазақстан Республикасының
Хафиза Мұхтарқызы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау вице-министрi
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының
Ринат Шарафутдинович Әдiлет вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының
Азамат Рысқұлұлы Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын
бизнестi қолдау агенттiгi
төрағасының орынбасары
Тоқаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Акбар Қуанышбайұлы Министрiнiң Кеңсесi Жиынтық
талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы министрлiгiнiң департамент
директоры
Мүсенова - Қазақстан Республикасы
Галина Ақайқызы Экономика және сауда
министрлiгiнiң департамент
директоры, хатшы
2. Қазақстан Республикасының тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдарының (келiсiм бойынша) басшылары 2002 жылғы 11 наурызға дейiн жұмыс тобына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес өздерiнiң материалдарын берсiн.
3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен:
жұмыс тобының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) мамандарын тартуға, сондай-ақ Бағдарлама мен Жоспардың жобаларын әзiрлеу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға құқық берiлсiн;
жұмыс тобы Бағдарлама мен Жоспардың жобаларын әзiрлесiн және 2002
жылғы 18 наурызға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қарауына енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн екi
апта мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
қарауына оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын енгiзсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 27 ақпандағы
N 11 өкiмiне
1-қосымша
Yкiметтiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы
жобасының бөлiмдерi бойынша материалдар ұсынуға қойылатын
талаптар
Жалпы талаптар
Ұсыныстар 2002 жылғы 25 ақпанда Парламент мақұлдаған Үкiметтiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндамаға (бұдан әрi - Баяндама) негiзделуi тиiс. Ұсыныстар Мемлекет басшысының 2002 жылға арналған Жолдауында, 2001 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста, 2002 жылғы 25 қаңтарда аймақтар әкiмдерiмен болған кеңесте сөйлеген сөздерiнде берген тапсырмаларын ескеруi тиiс.
Ұсынылатын шаралар Баяндамада баяндалған мақсаттарға және басым мiндеттерге (2-бөлiм) қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, нақты iс-шараларды, оларды жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн қамтуы тиiс.
Материалдар қысқа, анық және кешендi баяндалсын. Орындаудың кезеңдiлiгi мен айқындылығы ескерiлсiн. Iс-шаралар:
үкiметтiң;
министрлiктердiң, агенттiктердiң;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi құзыретiнiң деңгейi бойынша жiктелсiн.
Материалдар қағазға басылған және электрондық нұсқада ұсынылуы тиiс.
Қарiп - 14-мөлшер, қазақ тiлiнде: Тiмеs Каzакh, орыс тiлiнде: Тiмеs New Rомаn. Жол аралығы - бiр жарым интервал. Бөлiмдер бойынша жауапты орындаушылардың деректерi (телефон, факс, е-маil) көрсетiлуi тиiс.
Ұсыну форматы
Бөлiмнiң (тараудың, тармақтың) атауы
2002 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентi мақұлдаған
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы
туралы баяндаманың мазмұнына сәйкес.
Мақсаттар мен міндеттер
Баяндаманың тиісті бөлімі (тарауы, тармағы) бойынша іс-қимылдың
бірінші кезекті және орта мерзімді бағыттары басшылыққа алына отырып,
нақты тұжырымдалуы тиіс.
Қолдағы бар ресурстар
Орындау үшін сүйеніш негіздің; оң және теріс үрдістердің;
қолданылған, бірақ аяқталмаған шаралардың, сондай-ақ қолда бар
пайдаланылмаған резервтердің қысқаша сипаттамасы.
Мақсатқа жету жолдары
Қажетті нақты іс-шаралар:
орындалу нысаны;
кезеңділігі;
аймақтық, салалық және сектораралық қырлары;
салааралық және аймақаралық өзара іс-қимылдар тәсілдері;
нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
қажет болған ретте қаржылық ресурстар, қаржыландырудың болжамды
көздері; орындалуын бақылауды ұйымдастыру тәсілдері көрсетіле отырып,
сипатталады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 27 ақпандағы
N 11 өкiмiне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002-2004 жылдарға арналған
iс-қимыл бағдарламасы жобасының бөлiмдерiне
жауапты орындаушыларды
БЕКІТУ
___________________________________________________________________
Бағдарламаның бөлімдері Жауапты орындаушылары
___________________________________________________________________
2. Үкімет Экономика және сауда министрлігі
Бағдарламасының мақсаты
мен басым міндеттері
3. Мемлекеттік реттеу
3.1. Кәсіби Үкімет Экономика және сауда министрлігі,
Әділет министрлігі, Стратегиялық
жоспарлау жөніндегі агенттік
(келісім бойынша), Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттік
(келісім бойынша)
3.2. Мемлекеттік басқару Экономика және сауда министрлігі,
органдарының функциялары Қаржы министрлігі, Әділет
мен өкілеттіктерін министрлігі, Стратегиялық
айқындау және ажырату жоспарлау жөніндегі агенттік
(келісім бойынша),
3.3. Мемлекеттік активтерді Қаржы министрлігі, Экономика
басқару және сауда министрлігі,
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
3.4. Баға және тариф Табиғи монополияларды реттеу,
саясаты бәсекелестікті қорғау және шағын
бизнесті қолдау жөніндегі
агенттік, Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі,
Көлік және коммуникациялар
министрлігі, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының
әкімдері
3.5. Қоршаған ортаны Табиғи ресурстар және қоршаған
қорғау және табиғат ортаны қорғау министрлігі,
пайдалану Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттік, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының
әкімдері
4. Заң шығарушылық Әділет министрлігі,
қызмет министрліктер мен агенттіктер
(белгіленген құзыретіне сәйкес
мәселелер тобы бойынша)
5. Қаржы және салық-
бюджет саясаты
5.1. Ақша-несие саясаты Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк
(келісім бойынша)
5.2. Салық саясаты Мемлекеттік кіріс министрлігі,
Қаржы министрлігі, Қаржы
полициясы агенттігі
5.3. Бюджет саясаты Қаржы министрлігі, Мемлекеттік
кіріс министрлігі, Экономика
және сауда министрлігі,
Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттік
(келісім бойынша)
5.4. Инвестициялық саясат Экономика және сауда
министрлігі, Сыртқы істер
министрлігі
6. Әлеуметтік сала
6.1. Демографиялық даму Демография және көші-қон
жөніндегі агенттік, Президент
жанындағы Отбасы және әйелдер
істері жөніндегі ұлттық комиссия,
облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдері
6.2. Білім беру Білім және ғылым министрлігі,
облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдері
6.3. Денсаулық сақтау Денсаулық сақтау министрлігі,
облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдері
6.4. Мәдениет Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі,
Туризм және спорт жөніндегі
агенттік, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкімдері
6.5. Спорт және салауатты Туризм және спорт жөніндегі
өмір салты агенттік, Денсаулық сақтау
министрлігі, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкімдері
6.6. Жұмыспен қамту және Еңбек және халықты әлеуметтік
еңбек қорғау министрлігі, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының
әкімдері
6.7. Әлеуметтік қорғау Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі, Экономика
және сауда министрлігі,
облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
7. Нақты сектор
7.1. Минералдық-шикізат кешені Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі, Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Экономика
және сауда министрлігі
7.2. Электр энергетикасы және Энергетика және минералдық
көмір өнеркәсібі ресурстар министрлігі
7.3. Өңдеу өнеркәсібі Экономика және сауда министрлігі,
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі,
облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
7.4. Құрылыс Экономика және сауда
министрлігі, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкімдері
7.5. Шағын және орта бизнес Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау және шағын
бизнесті қолдау жөніндегі
агенттік, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкімдері
7.6. Ғылыми-технологиялық Білім және ғылым министрлігі,
саясат Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі,
Экономика және сауда министрлігі
8. Көліктік инфрақұрылым Көлік және коммуникациялар
министрлігі, Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
9. Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы министрлігі,
Жер ресурстар басқару жөніндегі
агенттік, Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлігі,
облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
10. Сауда саясаты
10.1. Сыртқы сауда Экономика және сауда министрлігі,
Сыртқы істер министрлігі,
Мемлекеттік кіріс министрлігі
10.2. Ішкі сауда Экономика және сауда министрлігі,
Мемлекеттік кіріс министрлігі,
облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
11. Мемлекеттің қауіпсіздігін Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс
қамтамасыз ету, құқық министрлігі, Әділет министрлігі,
тәртібін нығайту және Төтенше жағдайлар жөніндегі
қылмысқа қарсы күрес агенттік, Ұлттық қауіпсіздік
комитеті (келісім бойынша), Бас
прокуратура (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 27 ақпандағы
N 11 өкiмiне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002-2004 жылдарға арналған
iс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
_________________________________________________________________________
Р/с! Іс-шара ! Аяқтау! Орындалуына! Іске асыру !Күтілетін! Қаржыландыру
N ! !нысаны ! жауаптылар ! (орындалу) !шығыстар ! көздері
! ! ! ! мерзімі ! !
_________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
_________________________________________________________________________
Бағдарламаның бөлігі
1. Жоспардың Үкімет деңгейінде шешілуі талап етілетін іс-шаралары.
2. Жоспардың министрліктер, агенттіктер, меморгандар деңгейінде
шешілуі талап етілетін іс-шаралары (ведомстволық).
3. Жоспардың облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
деңгейінде шешілуі талап етілетін іс-шаралары.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.