1. "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының Солтүстік
Жезқазған кенішінде 2002 жылғы 1 мамырда болған төтенше оқиғаның
себептерін тексеру мақсатында мынадай құрамда комиссия құрылсын:
Бижанов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Нұрахмет Құсайынұлы жөніндегі агенттігінің бірінші
орынбасары, комиссияның жетекшісі
Тоғайбаев - Қарағанды облысы әкімінің бірінші
Ислам Уахитұлы орынбасары, жетекшінің орынбасары
Асатов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Болатай Кәрімұлы сауда министрлігінің Құрылыс істері
жөніндегі комитеті төрағасының
орынбасары, жетекшінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Петр Петрович және минералдық ресурстар вице-министрі
Юн - "Қазақмыс" корпорациясы" ашық
Александр Борисович акционерлік қоғамы бас басқарушысының
бірінші орынбасары
Сағын - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Халел Әлжанұлы сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу
жұмысы департаментінің директоры
Оспанов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Темешұлы министрлігінің Тергеу департаменті
басқарма бастығының орынбасары
Бисақаев - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серік Ғұмарұлы халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Еңбек және жұмыспен
қамту департаменті директорының
орынбасары.
2. Комиссия осы оқиғаның себептері мен жағдайларын жан-жақты
тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген зиянның көлемін белгілесін және
зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте
көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы баяндасын.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.