Yндiстан Республикасының Премьер-Министрi Атал Бихари Ваджпаидың 2002 жылғы 2-4 маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткiзу жөнiнде Алматы қаласында протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен және мүдделi ұйымдармен (келiсiм бойынша) бiрлесiп Yндiстан Республикасының Премьер-Министрi Атал Бихари Ваджпаидың Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды (қосымшаның 7-тармағынан басқа барлық тармақ бойынша) қамтамасыз етсiн.
3. Алматы қаласының әкiмi Алматы қаласында Қазақстан Республикасы iскер топтарының өкiлдерi мен Yндiстан Республикасы iскер топтары өкiлдерiнiң кездесуiн ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Yндiстан Республикасы ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайда, тұратын және болатын орындарында қауiпсiздiгін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 27 мамырдағы
N 61 өкiмiне
қосымша
Yндiстан Республикасы ресми делегациясының
мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiк қызметiн
көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары
1. Yндiстан Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн (1+10: делегация басшысы, бiрге жүретiн ресми делегация мүшелерi) Алматы қаласында "Анкара Риджент Алматы" қонақ үйiне (немесе Резиденция) орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiк қызметiн көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Анкара Риджент Алматы" қонақ үйiне (немесе Резиденция) орналастыру.
3. 2002 жылғы 2-4 маусымда сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) жасау.
5. Ресми делегация мүшелерi үшiн кәдесыйлар және делегация басшысы үшiн сыйлықтар сатып алу.
6. Yндiстан Республикасының ресми делегациясын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде VIР-залды, шай дастарханын ұйымдастыру.
7. Yндiстан Республикасының ресми делегациясын Алматы қаласында әуежайда қарсы алу және шығарып салу рәсiмдерiн техникалық тұрғыдан безендiру (жалаулар, Алматы қаласының әуежайы мен делегацияның жол жүретiн бағыттары бойынша мемлекеттiк тiлде және Қонақ елiнiң тiлiнде құттықтау транспаранттары).
8. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев
пен оның зайыбы атынан Yндiстан Республикасының Премьер-Министрi Атал
Бихари Ваджпаидың құрметiне Алматы қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
9. Келiссөздер өтетiн залды техникалық тұрғыдан безендiру
(мемлекеттiк жалаулар, гүлдер).
10. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға
медициналық қызмет көрсету.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.