"Т. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-i" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан
әрi - "Жамбыл ГРЭС-i" ААҚ) акцияларын мемлекеттiк меншiкке сатып алуға
байланысты мәселелер жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендiру комитетi
төрағасының бiрiншi орынбасары,
жетекшi
Бертiсбаев - Қазақстан Республикасының
Несiпқұл Бертiсбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Электр
энергетикасы және қатты отын
департаментiнiң директоры
Әбiтаев - "КЕGОС" электр желiлерiн басқару
Есберген Әбiтайұлы жөнiндегi қазақстандық компания"
ашық акционерлік қоғамының вице-президенті
(келiсiм бойынша)
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының
Есiркеп Оңланбекұлы Экономика және сауда министрлiгi
Өнеркәсiп салалары мен инфрақұрылым
департаментiнің директоры
Ахметов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ермек Салықұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетi
жекешелендiруден кейiнгi бақылау
басқармасының бөлiм бастығы
Әшiмхан - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Ғани Әшiмханұлы министрлiгi Заңнама департаментiнiң
жетекшi маманы
Мұсағалиев - "Қазкоммерцбанк" ашық
Төлеқай Хамитұлы акционерлiк қоғамы басқармасы
төрағасының кеңесшiсi (келiсiм бойынша)
2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 15 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "Жамбыл ГРЭС-i"
ААҚ-тың акцияларын мемлекеттiк меншiкке сатып алудың орындылығы мен
мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды қарастырсын және Қазақстан Республикасының
Үкiметiне ұсынатын болсын.
Премьер-Министр
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.