Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 U020931_ Жарлығын (бұдан әрі - Жарлық) iске асыру мақсатында:
1. Барлық таратылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тарату және қайта ұйымдастыру шараларын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
2. Жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органдар:
2002 жылғы 5 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Жарлықтың 3-тармағының 3) тармақшасын iске асыру жөнiндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне оның 2002 жылғы 6 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныстарын енгiзуi үшiн тапсырсын;
2002 жылғы 6 қыркүйекке дейінгі мерзiмде өздерiнiң орталық аппараттарының, ведомстволары мен аумақтық органдарының штат санының лимиттерi жөнiндегi ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлiгiне енгiзсiн;
2002 жылғы 14 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұл ретте Жарлықтан туындайтын ведомстволарды құру және тарату туралы нормаларды көздей отырып, тиiстi мемлекеттiк органдар туралы ережелердi бекiту туралы қаулылардың жобаларын белгіленген тәртіппен енгiзсiн;
2002 жылғы 20 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Үкiметке қолданыстағы нормативтiк кесiмдердi Жарлыққа сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарын енгiзсiн;
Жарлықты iске асыру үшiн қажеттi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгi 2002 жылғы 10
қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне
белгiленген тәртiппен осы өкiмнiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк
органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық органдары штат санының
лимиттерін бекiту туралы қаулының жобасын енгiзсiн.
4. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.