Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14 және 72-баптарына сәйкес 1998-2002 жылдардағы орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерді бақылау мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстардың әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен 2003 жыл ішінде 2003 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етсін және 2003 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы орман қорының жай-күйі туралы есепті ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ұсынысы бойынша орман қорын есепке алу материалдарын келісуді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр