2003 жылы орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 33-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14 және 72-баптарына сәйкес 1998-2002 жылдардағы орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерді бақылау мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстардың әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен 2003 жыл ішінде 2003 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етсін және 2003 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы орман қорының жай-күйі туралы есепті ұсынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ұсынысы бойынша орман қорын есепке алу материалдарын келісуді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады