"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
"Үкімет кесіммен реттелуге тиісті қатынастар" деген бағанның реттік нөмірі 14-жолының бірінші абзацы және реттік нөмірі 17-жолының сегізінші абзацы алынып тасталсын.
Премьер-Министр