1. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi белгiленген мерзiмде Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) екi ай мерзiмде "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыруға тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
N 196 өкімімен
бекiтiлген
"Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске
асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерінің тiзбесi
___________________________________________________________________
Р/с | Нормативтік құқықтық | Орындау мерзiмi | Жауапты орындаушы
N | кесімнің атауы | |
___________________________________________________________________
1 Ұлттық почта операторы 2003 жылғы АБА, ТМРА
туралы ереже 30 қазан (келiсiм бойынша)
2 Қазақстан Республикасы 2003 жылғы АБА
Yкіметiнiң почта-жинақ 30 қазан
жүйесi мәселелерi
жөнiндегі кейбiр
шешiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы
3 "Қазақстан Республикасында 2003 жылғы АБА, ТМРА
почта байланысы мен 30 қазан (келісiм бойынша)
телекоммуникациялар
саласындағы кәсiпкерлiк
қызметтi лицензиялау,
радиожиілiк спектрiн
пайдалану тәртiбi туралы
ереженi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
26 қарашадағы N 1443
қаулысына өзгерiс енгізу
туралы
___________________________________________________________________