Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен.
"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Ангара" ғарыш зымыран кешенiн құру жобасын iске асыру және қаржыландыру көздерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшін:
1. Мынадай құрамдағы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Байдәулетов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Нұржан Тәлiпұлы және коммуникациялар вице-министрi,
жетекшi
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Алмас Олжабайұлы және коммуникациялар министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы,
жетекшiнiң орынбасары
Ердебай - Қазақстан Республикасының Индустрия
Дәурен Иманжанұлы және сауда министрлiгi Инвестициялар
жөнiндегi комитетi төрағасының
орынбасары
Сайымбетова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ажаркүл Әлментайқызы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетi мемлекеттiң
қатысуы бар мемлекеттiк емес заңды
тұлғалармен жұмыс жөнiндегi
басқармасы сенiмгерлiк басқару
бөлiмiнiң бастығы
Өтембаев - Қазақстан Республикасының Көлiк
Нұрлан Аббасұлы және коммуникациялар министрлiгi
Аэроғарыш комитетi төрағасының
орынбасары
Шәрiпов - Қазақстан Республикасының
Талғат Қайыркенұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Салалық органдардың
шығыстарын жоспарлау департаментi
өнеркәсiп, құрылыс және көлiк
басқармасының бастығы
Шымырбаев - "Инфракос-Экос" еншiлес мемлекеттік
Марат Қатубайұлы кәсiпорыны директорының орынбасары -
бас конструкторы (келiсiм бойынша)
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы аталған жобаны қаржыландыру мәселелерiн қоса алғанда, Қазақстан Реснубликасының Үкiметіне оны iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды, бiр ай мерзiмде ұсынсын.
Премьер-Министр