Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі әкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысына  
қосымша      

Күші жойылған Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан-Ғарыш» ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық кешенді бағдарламасы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 13 наурыздағы № 166 қаулысы.
      2 «Қазақстан-Аэроспейс-98» халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 желтоқсандағы № 1838 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 1, 10-құжат).
      4. «Ғарыштық ұшыруларға қатысушылардың Халықаралық ассоциациясының 17-ші конгресін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1948 қаулысы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1948 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 906 қаулысы.
      6. «Ғарыштық ұшыруға қатысушылардың халықаралық ассоциациясының 17-конгресін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын және шығыстарды қаржыландыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 шілдедегі № 934 қаулысы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 шілдедегі № 991 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 251-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 және 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
      10. «Комиссия құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 26 маусымдағы № 197-ө өкімі.
      11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 59-ө өкімі.
      12. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 59 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 134-ө өкімі.
      13. «Байқоңыр» ғарыш айлағы 112-алаңының 1-құрылғысы шатырының құлау себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 14 мамырдағы № 50-ө өкімі.
      14. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Ангара» ғарыш зымыран кешенін құру жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 216-ө өкімі.
      15. «Қазақстан Республикасында ғарыш саласын дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 40-ө өкімі.
      16. «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкін есепке алу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 85-ө өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады