Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу үшiн ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын (бұдан әрi - жұмыс тобы).
2. Жұмыс тобы екi ай мерзiмде:
1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына талдау жүргiзсiн және оны жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы нақты ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсін;
2) "Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1253 қаулысын қайта қолдана бастаудың орындылығы туралы қарастырсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 21 қазандағы
N 255 өкiмiне
қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу үшiн ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Нәлiбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әбдiқалық Зәкiрұлы сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы, жетекшi
Әлiмбеков - Қазақстан Республикасының
Бақыт Алтынбекұлы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары,
жетекшiнiң орынбасары
Дәркенбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Талғат Наймантайұлы сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң
Мемлекеттiк сатып алу әдiснамасы
басқармасы бастығының орынбасары,
хатшы
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Әмрин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Кемеңгерұлы вице-министрi
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажыманұлы вице-министрi
Әшiмов - Қазақстан Республикасының
Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық
ресурстар бiрiншi вице-министрi
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi
Нұрғалиева - Қазақстан Республикасының
Еңлiк Нұрғалиқызы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі
Панкова - Қазақстан Республикасы Бас
Наталья Александровна прокуратурасының Мемлекеттiк
органдар қызметiнiң заңдылығын
қадағалау жөнiндегi департаментi
заңдарды көлiкте қолдануды
қадағалау жөнiндегi бөлiмiнiң
бастығы (келiсiм бойынша)
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Смағұлов - Қазақстан Республикасының
Болат Советұлы индустрия және сауда вице-министрi