1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.6.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң 2004 жылғы ақпан-наурыз айларында Қазақстан Республикасының 1 қысқы Спартакиадасын өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 1 қысқы Спартакиадасына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесiп, 2004 жылғы 21 наурызда Риддер қаласында қысқы Спартакиада (бұдан әрi - қысқы Спартакиада) ашылуының салтанатты рәсiмiн өткiзсiн.
4. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi жарыстардың бiрiншi және екiншi кезеңдерiн өткiзудi, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларын қысқы Спартакиаданың ашылуы мен финалдық жарыстардың салтанатты рәсiмдерiне даярлау мен қатысуды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қысқы Спартакиадаға қатысушылардың тұратын және жарыстар өткiзiлетiн әрi ашылу рәсiмi өтетiн жерлерде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi қысқы Спартакиадаға дайындық пен оның өту барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қысқы Спартакиадаға қатысушылар үшiн жол жүру билеттерiн брондауды ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі қысқы Спартакиадаға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 22 қазандағы
N 256 өкiмiмен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының 1 қысқы Спартакиадасына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң
құрамы
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дәулет Болатұлы спорт жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы,
төраға
Абайдiлдин - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi,
Талғатбек Жәмшитұлы орынбасар
Бақтығұтов - Шығыс Қазақстан облысы, Риддер
Шәкәрiм Сабырұлы қаласының әкімі
Бектасов - "Қазақтелеком" ашық акционерлiк
Әбен Ағыбайұлы қоғамының президентi
(келiсiм бойынша)
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Нұралы Сұлтанұлы және ғылым вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы вице-министрi
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының
Сәуле Әлкейқызы Денсаулық сақтау вице-министрi
Досымбетов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Тимур Камалұлы Олимпиада комитетiнiң президентi
(келiсiм бойынша)
Қанағатов - Қазақстан Республикасының туризм
Елсияр Баймұхаметұлы және спорт жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi
вице-министрi
Мұзапаров - Шығыс Қазақстан облыстық спорт
Марат Өмiрбекұлы және туризм басқармасының бастығы
Мурзин - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары
Алмат Зарлықұлы
Мұхамеджанов - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Төлеген Мұхаметжанұлы
Омаров - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Нұрлан Срайылұлы орынбасары
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович iстер вице-министрi
Сапаров - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Табылғали Сатқалиұлы орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi
Тәжiбай - Қазақстан Республикасының Туризм
Бақытбек және спорт жөнiндегi агенттiгi
төрағасының бiрiншi орынбасары
Тоғжанов - Қарағанды облысы әкiмiнiң
Ералы Лұқпанұлы орынбасары