"Орталық Азия Ынтымақтастығы" ұйымының шеңберiнде ынтымақтастықты дамыту және "Орталық Азия Ынтымақтастығы" ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң отырысын дайындау және 2004 жылғы 20-21 ақпанда Алматы қаласында өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру ic-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
"Орталық Азия Ынтымақтастығы" ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң отырысын (бұдан әрi - отырыс) дайындау және 2004 жылғы 20-21 ақпанда Алматы қаласында өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсiн;
отырысты өткiзуге, соның iшiнде ресми делегациялар мүшелерiнiң қонақүйде тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 283 176 (екi жүз сексен үш мың бiр жүз жетпiс алты) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) ресми делегациялар мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi отырысты бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Сыртқы iстер министрлерiнiң арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн және Алматы қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Алматы қаласының әкiмi ресми делегацияларды күтiп алу мен шығарып салу, Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру, мәдени бағдарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы icтep министрiнің атынан ресми қабылдауда концерттiк бағдарламаны ұйымдастыру жөнiндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
6. Осы өкiмнiң icкe асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр