Мүдделі мемлекеттiк органдардың ұстанымдарын неғұрлым толық есепке алу мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 231 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесiнiң 27-тармағына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттiк орган болып Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi (бұдан әрі - Агенттік) белгіленсін.
2. Бағдарламаны әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:
Оразалинов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Дулат Сұлтанұлы байланыс жөніндегi агенттiгi төрағасының
орынбасары, жетекші
Сейтiмбеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Ардақ Асқарұлы байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Байланыс
саласындағы мемлекеттiк саясат және
қаржылық реттеу департаментiнiң директоры,
жетекшiнiң орынбасары
Исабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Нұрлан Даниятұлы байланыс жөнiндегi агенттігiнiң Байланыс
саласындағы мемлекеттiк қадағалау және
лицензиялау департаментiнiң директоры,
хатшы
Досмағамбет - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
Ерғали Мұқанұлы реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгi Телекоммуникациялар және
аэронавигация саласындағы реттеу және
бақылау жөнiндегi департаментінің директоры
(келiсім бойынша)
Ермекқалиева - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
Лариса Серiкқызы реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгi Бәсекелестiктi дамытуды қорғау
және үйлестiру департаментiнiң
жылу-энергетикалық кешенiндегi, қаржы
рыногындағы және экономиканың өзге де
салаларындағы бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi басқармасының қаржы рыногындағы
және экономиканың өзге де салаларындағы
бәсекелестiктi дамыту бөлiмiнiң бастығы
(келiсiм бойынша)
Қайсенова - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Гүлжихан әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Әлеуметтiк
Қабдылқайырқызы қамсыздандыру және еңбекақысын төлеу
департаментi директорының орынбасары
Құрманов - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Алмас әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы
Мұхаметкәрiмұлы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бас
директоры
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қалымжан Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру
Уәлиханұлы комитетi Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттiк
емес заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi
басқармасының бастығы
Шәрiпов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Талғат бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Салалық
Қайыркенұлы органдардың шығыстарын жоспарлау
департаментi өнеркәсiп, құрылыс және көлiк
басқармасының бастығы
Қарақұлова - Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және
Диляра Шапайқызы қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөнiндегi агенттігiнiң Сақтандыру рыногы
субъектiлерiн және басқа да қаржылық
ұйымдарды қадағалау департаментi
директорының орынбасары (келiсiм бойынша)
Молдағалиев - "Қазпочта" акционерлiк қоғамы басқармасы
Дәурен төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Тұманбайұлы
Вагнер - "Қазпочта" акционерлiк қоғамының атқарушы
Андрей Викторович директоры (келiсiм бойынша).
3. Жұмыс тобы 2004 жылғы 11 мамырға дейiнгi мерзiмде Бағдарламаның жобасын әзiрлесiн.
4. Агенттік заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 2004 жылғы 17 мамырға дейiнгi мерзiмде Бағдарламаның жобасын 2005 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезiнде республикалық бюджеттiк комиссиясының қарауына ұсынсын;
2) Бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
Премьер-Министр