Қазақстан Республикасында "электронды Үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасында "электронды Үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобы (бұдан әрi - Жұмыс тобы) құрылсын:
Қанешев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Бiржан Бисекенұлы байланыс жөнiндегi агенттігiнiң төрағасы,
жетекшi
Қажыкен - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Мейрам Зекешұлы Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым
бөлiмiнiң меңгерушiсi, жетекшiнiң
орынбасары
Есiмова - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
Әсемгүл Ғазизқызы және байланыс жөнiндегi агенттігi
Ақпараттандыру және заң қызметi
департаментiнiң директоры, хатшы
Eceкeeв - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуаныш Бақытбекұлы байланыс жөнiндегi агенттігi төрағасының
орынбасары
Ыбырайым - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Нұрлан Мұхтарбекұлы министрлiгiнiң Тiркеу қызметі комитетi
төрағасының орынбасары
Жақыпбеков - Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк
Сембек Сәбетұлы комитетiнің Үкiметтiк байланысты
қамтамасыз ету орталығы бастығының
бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)
Маханбетәжиев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батыр Әпенұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Ақпараттандыру және инновациялар
саласындағы шығыстарды жоспарлау
департаментiнiң директоры
Жүнiсбеков - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Асқар Рақымбайұлы қауiпсiздiк комитетi Департаментінің
басқарма бастығының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Бектасов - "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының
Әбен Ағыбайұлы президентi - басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Исин - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық
Нұрлан Құрманғалиұлы акционерлiк қоғамының президентi -
басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)
Хван - Алматы қаласы "Ақпараттық жүйелер
Валерий Герасимович орталығы" мемлекеттік коммуналдық
кәсiпорнының директоры (келiсiм бойынша)
2. Жұмыс тобы екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасында "электронды Үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастырудың мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) жобасын әзiрлесiн.
3. Жұмыс тобына Қазақстан Республикасында "электронды Үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастырудың мемлекеттiк бағдарламасының жобасын iске асырудың негiзгi бағыттары бойынша сарапшылар мен мамандарды, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн тарту құқығы берiлсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Премьер-Министр