Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстандағы Ресей жылын өткізу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 433 өкімін орындау үшін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне мәдениет қайраткерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сапарлары кезінде тұруын, тамақтануын және көліктік шығындарын қоса алғанда, Қазақстандағы Ресей жылы шеңберінде мәдени іс-шараларды өткізуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 7163900 (жеті миллион бір жүз алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министр