Қазақстандағы Ресей жылы шеңберінде мәдени іс-шараларды өткізуге қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 153-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстандағы Ресей жылын өткізу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 433 өкімін орындау үшін:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне мәдениет қайраткерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сапарлары кезінде тұруын, тамақтануын және көліктік шығындарын қоса алғанда, Қазақстандағы Ресей жылы шеңберінде мәдени іс-шараларды өткізуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 7163900 (жеті миллион бір жүз алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында қаражат бөлсін.

      Премьер-Министр

О выделении средств на проведение культурных мероприятий в рамках Года России в Казахстане

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 24 мая 2004 года N 153-р

      Во исполнение распоряжения Президента Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года N 433 "О проведении Года России в Казахстане":
      Министерству иностранных дел Республики Казахстан выделить Министерству культуры Республики Казахстан средства на проведение культурных мероприятий в рамках Года России в Казахстане, включая проживание, питание и транспортные затраты при поездках деятелей культуры по территории Республики Казахстан, в сумме 7163900 (семь миллионов сто шестьдесят три тысячи девятьсот) тенге за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2004 год по программе "Представительские затраты".

      Премьер-Министр