Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277 Жарлығымен бекiтілген 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде шығарылатын ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарына сараптама жүргiзу шығындарының нормативiн анықтау мақсатында:
1. Мыналар:
1) 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шығарылатын ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының бiр авторлық парағына сараптама жүргiзуге уақыт нормативi 8 сағат көлемiнде белгiленедi;
2) сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген базалық лауазымдық жалақыға және сағат бойынша еңбекақы төлеудiң 0,09 коэффициентiне негiзделе отырып;
3) сарапшы-мамандарға еңбекақысын төлеу басылымның бiр томының сараптамасы аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi осы өкiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Премьер-Министр