Француз Республикасы Сыртқы барлау басқармасының делегациясы мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына ақы төлеу үшін қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 318-ө Өкімі

      Терроризмге, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселелерiн талқылау мақсатында Француз Республикасының Сыртқы барлау басқармасы делегациясының сапарына байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетіне Француз Республикасы Сыртқы барлау басқармасының делегациясы мүшелерінің 2004 жылғы 22-24 қазан кезеңiнде Астана қаласында қонақ үйде тұруына ақы төлеу үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 359660 (үш жүз елу тоғыз мың алты жүз алпыс) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

       Премьер-Министр

О выделении средств для оплаты проживания членов делегации Управления внешней разведки Французской Республики

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 21 октября 2004 года N 318-p

      В связи с визитом делегации Управления внешней разведки Французской Республики в целях обсуждения вопросов дальнейшего развития двустороннего сотрудничества в области борьбы с терроризмом, а также нелегальной миграцией:
      Министерству иностранных дел Республики Казахстан выделить Комитету национальной безопасности Республики Казахстан средства в сумме 359660 (триста пятьдесят девять тысяч шестьсот шестьдесят) тенге для оплаты проживания в городе Астане в период с 22 по 24 октября 2004 года членов делегации Управления внешней разведки Французской Республики за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2004 год по программе 006 "Представительские затраты".

       Премьер-Министр