Терроризмге, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселелерiн талқылау мақсатында Француз Республикасының Сыртқы барлау басқармасы делегациясының сапарына байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетіне Француз Республикасы Сыртқы барлау басқармасының делегациясы мүшелерінің 2004 жылғы 22-24 қазан кезеңiнде Астана қаласында қонақ үйде тұруына ақы төлеу үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 359660 (үш жүз елу тоғыз мың алты жүз алпыс) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр