2004 жылғы 9-11 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан-болгар сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысын ұйымдастырудың және өткізудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан-болгар сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне болгар делегациясы мүшелерінің қонақ үйде тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 481536 (төрт жүз сексен бір мың бес жүз отыз алты) теңге сомасында қаражат бөлсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
N 360-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан-болгар сауда-экономикалық байланыстар мен
ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық
комиссиясының екінші отырысын ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі іс-шаралар жоспары
__________________________________________________________________
Р/с Іс-шаралар Орындалу Жауапты орындаушылар
N мерзімдері
__________________________________________________________________
1 2 3 4
__________________________________________________________________
1. Күн тәртібін және хаттама. 8 желтоқсан Еңбекмині (жинақтау),
ны келісу ДСМ, СІМ, ИСМ, МАСМ,
БҒМ, Қорғанысмині,
АШМ, ККМ, ЭБЖМ,
Қаржымині, Әділетмині,
ЭМРМ, "ҚазМұнайГаз" ҰК"
АҚ (келісім бойынша),
СӨПО (келісім бойынша)
2. Отырысты ақпаратттық 9-11 МАСМ
жария етуді өткізу желтоқсан
3. Делегацияға болу кезеңінде 9-11 ПІБ (келісім бойынша),
көліктік қызмет көрсету желтоқсан Еңбекмині
4. Делегацияны әуежайда қарсы 9-11 Еңбекмині
алу және шығарып салу желтоқсан
(VIP-залы арқылы өту)
5. Еңбекмині министрінің 10 желтоқсан Еңбекмині
ҮАҚ-тың Қазақстан бөлігінің
тең төрағасы атынан ресми
қабылдау ұйымдастыру
__________________________________________________________________
Қысқартулардың толық жазылуы:
ІІМ - Ішкі істер министрлігі;
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі;
СІМ - Сыртқы істер министрлігі;
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі;
МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі;
Қорғанысмині - Қорғаныс министрлігі;
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі;
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қаржымині - Қаржы министрлігі;
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
СӨПО - Сауда-өнеркәсіп палаталар одағы;
ПІБ - Президенттің Іс басқармасы;
ҮАК - Үкіметаралық комиссия.