Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 30 наурыз - 1 сәуiр кезеңiнде Астана қаласында Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөніндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Грузия ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және Қазақстан Республикасы мен Грузияның iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен Астана қаласында бизнес-форумды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Грузия ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгімен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының әкiмi Грузия ресми делегациясы баратын жерлерде күтiп алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Грузияның мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастырсын.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Грузия президентi Михаил Саакашвилидi күтiп алу мен шығарып салу салтанатына қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 25 наурыздағы
N 65-ө өкiмiне
қосымша
Грузия ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары
1. Грузия ресми делегациясының мүшелерiн 1+11 форматы бойынша Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметінiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
3. Баспа өнiмiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Грузия ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Грузия ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Грузия президентi Михаил Саакашвилидің құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Грузия iскер топтары өкiлдерiнің қатысуымен бизнес-форум өткiзуге қажетті залды, слайд-проекторды, компьютердi, ілеспе аудармаға арналған жабдықтарды, микрофондарды, құлақшаларды жалға алғаны үшiн және кеңсе заттары мен минералдық сусын үшiн ақы төлеу.
8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.