Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара ведомстволарының бiрiншi басшыларының жұмыс бабындағы кездесуiне қатысатын ресей делегациясының қонақ үйде тұруына қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 мамырдағы N 115-ө Өкімі

      Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара ведомстволарының бiрiншi басшыларының жұмыс бабындағы кездесуiн өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне Ресей Федерациясы Федералдық шекара қызметi делегациясы мүшелерiнiң 2005 жылғы 12-13 мамырда Ақтау қаласында қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 181000 (бip жүз сексен бiр мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      Премьер-Министр

О выделении средств на оплату проживания российской делегации, участвующей в рабочей встрече первых руководителей пограничных ведомств Республики Казахстан и Российской Федерации

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 11 мая 2005 года N 115-р

      В целях обеспечения проведения рабочей встречи первых руководителей пограничных ведомств Республики Казахстан и Российской Федерации в городе Актау:
      Министерству иностранных дел Республики Казахстан выделить Комитету национальной безопасности Республики Казахстан средства в сумме 181000 (сто восемьдесят одна тысяча) тенге на оплату проживания членов делегации Федеральной пограничной службы Российской Федерации в городе Актау с 12 по 13 мая 2005 года за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2005 год по программе "Представительские затраты".

 
       Премьер-Министр