"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бір ай мерзімде "Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
Премьер-Министр