Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 179-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 3-6 шілдеде Астана қаласында Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасы төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

      6. Астана қаласының әкімі Қытай Халық Республикасының делегациясын күтіп алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын жерлерінде бірге жүруді, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама мен ресми қабылдауларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Қытай Халық Республикасының төрағасын күтіп алу мен шығарып салу рәсіміне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2005 жылғы 1 шілдедегі 
N 179-ө өкіміне    
қосымша        

  Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерін 1+1+18 форматы бойынша Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

О подготовке и проведении официального визита председателя Китайской Народной Республики Ху Цзиньтао в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 1 июля 2005 года N 179-p

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Китайской Народной Республикой и обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению официального визита председателя Китайской Народной Республики Ху Цзиньтао в Республику Казахстан 3-6 июля 2005 года в городе Астане (далее - визит):

      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению визита.

      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):
      принять организационные меры по размещению, питанию и транспортному обслуживанию членов официальной делегации Китайской Народной Республики согласно приложению;
      обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2005 год по программам 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне".

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность членов официальной делегации Китайской Народной Республики в аэропортах, местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      совместно с Министерством обороны и Министерством иностранных дел Республики Казахстан пролет специального самолета председателя Китайской Народной Республики над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.

      5. Министерству культуры, информации и спорта Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.

      6. Акиму города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам делегации Китайской Народной Республики, сопровождение в местах посещения, оформление аэропорта и улиц города Астаны, а также организацию культурной программы и официальных приемов.

      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в церемонии встречи и проводов председателя Китайской Народной Республики в аэропорту города Астаны, а также организовать концертную программу во время приема от имени Президента Республики Казахстан.

      8. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

       Премьер-Министр

Приложение             
к распоряжению Премьер-Министра   
Республики Казахстан         
от 1 июля 2005 года N 179-р     

  Организационные меры по обслуживанию
членов официальной делегации Китайской Народной Республики

         1. Размещение в гостинице "Окан Интерконтиненталь-Астана", питание и транспортное обслуживание членов официальной делегации Китайской Народной Республики по формату 1+1+18 в городе Астане.

      2. Размещение сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в городе Астане в гостинице "Окан Интерконтиненталь-Астана".

      3. Изготовление печатной продукции (бейджи, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).

      4. Приобретение подарка и сувениров для главы и членов официальной делегации Китайской Народной Республики.

      5. Организация чайного стола в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Китайской Народной Республики.

      6. Организация официального приема от имени Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. в честь председателя Китайской Народной Республики Ху Цзиньтао в городе Астане.

      7. Медицинское обслуживание членов официальной делегации Китайской Народной Республики и сопровождающих лиц.