Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 қазандағы N 292-ө Өкімімен.
Қазақстан Республикасының аумағында құс тұмауының туындауына және оның таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды жедел және тиiмдi түрде iске асыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Есiмов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi, жетекшi
Құлмаханов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай Құлмаханұлы жағдайлар министрi, жетекшiнiң
орынбасары
Қожамұратов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылбек Әубәкiрұлы шаруашылығы министрлiгi Ветеринария
департаментiнiң директоры, Қазақстан
Республикасының бас мемлекеттiк
ветеринарлық инспекторы, хатшы
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлiк
Азат Ғаббасұлы және коммуникация вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
Республикасының бас мемлекеттiк
санитарлық дәрiгерi
Шәкiров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Оразалыұлы министрлiгi Кедендiк бақылау
комитетiнiң төрағасы
2. Жұмыс тобының негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
1) құс тұмауының алдын алу және оны жою жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды үйлестiру;
2) құс тұмауының алдын алу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
3) белгiленген iс-шараларды iске асыру барысы туралы мәселелердi қарау және олардың тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құс тұмауына қарсы күрес бойынша ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы, медициналық-санитарлық iс-шаралар кешенiн жүргiзу жөнiндегi жұмысын үйлестiру.
3. Жұмыс тобына мемлекеттiк атқарушы органдардан және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарынан қажеттi ақпараттар сұрату, олардың құс тұмауына қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыру бойынша жұмысын тексеру, өз отырыстарында көрсетiлген органдар басшыларының есебін тыңдау құқығы берілсін.
Премьер-Министр