Мемлекеттiк органдардың құс тұмауының туындауына және оның таралуына жол бермеу жөнiндегi iс-қимылдарын үйлестiру бойынша жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.10.06. N 292-ө Өкімімен

       Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 қазандағы  N 292-ө  Өкімімен.

      Қазақстан Республикасының аумағында құс тұмауының туындауына және оның таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды жедел және тиiмдi түрде iске асыру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Есiмов                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы            шаруашылығы министрi, жетекшi

Құлмаханов                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай Құлмаханұлы            жағдайлар министрi, жетекшiнiң
                              орынбасары

Қожамұратов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылбек Әубәкiрұлы            шаруашылығы министрлiгi Ветеринария
                              департаментiнiң директоры, Қазақстан
                              Республикасының бас мемлекеттiк
                              ветеринарлық инспекторы, хатшы

Әбдiмомынов                 - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы           ғылым вице-министрi

Бектұров                    - Қазақстан Республикасының Көлiк
Азат Ғаббасұлы                және коммуникация вице-министрi

Бабақұмаров                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ержан Жалбақұлы               және ақпарат вице-министрi

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы              және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Шпекбаев                    - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы             вице-министрi

Белоног                     - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович        сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
                              санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                              комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
                              Республикасының бас мемлекеттiк
                              санитарлық дәрiгерi

Шәкiров                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Оразалыұлы              министрлiгi Кедендiк бақылау
                              комитетiнiң төрағасы

      2. Жұмыс тобының негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
      1) құс тұмауының алдын алу және оны жою жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды үйлестiру;
      2) құс тұмауының алдын алу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      3) белгiленген iс-шараларды iске асыру барысы туралы мәселелердi қарау және олардың тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құс тұмауына қарсы күрес бойынша ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы, медициналық-санитарлық iс-шаралар кешенiн жүргiзу жөнiндегi жұмысын үйлестiру.

      3. Жұмыс тобына мемлекеттiк атқарушы органдардан және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарынан қажеттi ақпараттар сұрату, олардың құс тұмауына қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыру бойынша жұмысын тексеру, өз отырыстарында көрсетiлген органдар басшыларының есебін тыңдау құқығы берілсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады