1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2006 жылы Қазақстан Республикасының аумағында республикалық және ресми халықаралық жарыстар өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) 2006 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi;
2) 2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстарды дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы және Астана қалаларының, Ақмола және Павлодар облыстарының әкiмдерi спорт түрлерi бойынша тиiстi федерациялармен келiсiм бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрi - жарыстар) дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi жарыстарға дайындық пен олардың өткiзiлу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Алматы және Астана қалаларында, Ақмола және Павлодар облыстарында қоғамдық тәртiптiң сақталуын, ресми тұлғалар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде олардың қауiпсiздiгiн, жарыстарға қатысушы шетелдiк азаматтардың қонақ үйлерде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.
7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi жарыстарға қатысушылардың темiр жол және әуе қатынасы көлiктерiмен жүруi үшiн орындардың брондалуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жiберілетiн жарыстарға қатысушы шетелдiк азаматтарға визалық қолдау көрсетсiн және визалар берудi жүргiзсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 7 сәуірдегі
N 90-ө өкімімен
бекітілген
2006 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн
республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi
Р/с
|
Iс-шаралардың атауы |
Өткiзу
|
Өткiзу
|
Жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Еркiн, грек-рим және
|
4-9
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
2. |
"Қазақстан Республикасы
|
24-29
|
Астана
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Астана қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Әуесқой бокс федерациясы (келiсiм бойынша) |
3. |
Ат спортынан Азия чемпионаты |
8-11
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы (келiсiм бойынша) |
4. |
Самбодан әлем кубогы |
4-7
|
Астана
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Астана қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Самбо күресi федерациясы (келiсiм бойынша) |
5. |
Қазақстан Республикасы
|
15-19
|
Пав-
|
Қазақстан
|
6. |
Триатлоннан Азия кубогының кезеңi |
28-31
|
Ақмола
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясы (келiсiм бойынша) |
7. |
Волейболдан "Қазақстан
|
10-18
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы (келiсiм бойынша) |
8. |
ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықтағы "Дәстүрлi күрес түрлерi бойынша дүниежүзілік фестиваль" |
2-7 қараша |
Алматы
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Қазақша күрес федерациясы (келiсiм бойынша) |
9. |
Коньки спортынан Азия
|
27-29
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Коньки спорты федерациясы (келiсiм бойынша) |
Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.10.30. N 309-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 7 сәуірдегі
N 90-ө өкiмiмен
бекiтiлген
2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми
халықаралық жарыстарды дайындау және өткiзу жөнiндегi
ұйымдастыру комитетiнен құрамы
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм
Темiрхан Мыңайдарұлы және спорт министрi, төраға
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк санитарлық бас
дәрiгерi
Зверьков - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович министрiнiң орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Әбiлғазы Қалиақпарұлы коммуникация вице-министрi
Қасымов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы бiрiншi вице-министрi
Есенбаев - Ақмола облысының әкiмi
Мәжит Төлеубекұлы
Кулагин - Қостанай облысының әкiмi,
Сергей Витальевич Қазақстан Республикасы Триатлон
федерациясының құрметтi президентi
(келiсiм бойынша)
Нұрпейiсов - Павлодар облысының әкiмi
Қайрат Айтмұхамбетұлы
Тасмағамбетов - Алматы қаласының әкiмi
Иманғали Нұрғалиұлы
Шөкеев - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы
Атамқұлов - "Қазақстан темiр жолы" акционерлiк
Ерлан Дүмшебайұлы қоғамының президентi (келiсiм бойынша)
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы Олимпиада комитетiнiң президентi,
Қазақстан Республикасының Қазiргi
көпсайыс және биатлон одағының
президентi (келiсiм бойынша)
Захарин - "Балуан Шолақ атындағы спорт және
Юрий Кузьмич мәдениет сарайы" коммуналдық
мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
(келiсiм бойынша)
Қарабалин - "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының
Ұзақбай Сүлейменұлы президентi (келiсiм бойынша)