2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстар өткiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 90-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2006 жылы Қазақстан Республикасының аумағында республикалық және ресми халықаралық жарыстар өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) 2006 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi;
      2) 2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстарды дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтілсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы және Астана қалаларының, Ақмола және Павлодар облыстарының әкiмдерi спорт түрлерi бойынша тиiстi федерациялармен келiсiм бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрi - жарыстар) дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi жарыстарға дайындық пен олардың өткiзiлу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Алматы және Астана қалаларында, Ақмола және Павлодар облыстарында қоғамдық тәртiптiң сақталуын, ресми тұлғалар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде олардың қауiпсiздiгiн, жарыстарға қатысушы шетелдiк азаматтардың қонақ үйлерде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi жарыстарға қатысушылардың темiр жол және әуе қатынасы көлiктерiмен жүруi үшiн орындардың брондалуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жiберілетiн жарыстарға қатысушы шетелдiк азаматтарға визалық қолдау көрсетсiн және визалар берудi жүргiзсiн.

      Премьер-Министр

                                          Қазақстан Республикасы
                                           Премьер-Министрінің
                                          2006 жылғы 7 сәуірдегі
                                              N 90-ө өкімімен
                                                 бекітілген

         2006 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн
  республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi

Р/с
N

Iс-шаралардың атауы

Өткiзу
мер-
зiмi

Өткiзу
орны

Жауаптылар

1

2

3

4

5

1.

Еркiн, грек-рим және
әйелдер күресiнен Азия чемпионаты

4-9
сәуiр

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және
спорт министрлiгi,
Алматы қаласының
әкiмi, Қазақстан
Республикасының
Еркiн күрес және
грек-рим күресi
федерациясы
келiсiм бойынша

2.

"Қазақстан Республикасы
Президентiнiң кубогы" үшiн бокстан "А" сыныпты
халықаралық турнир

24-29
мамыр

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Астана қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Әуесқой бокс федерациясы (келiсiм бойынша)

3.

Ат спортынан Азия чемпионаты

8-11
маусым

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы (келiсiм бойынша)

4.

Самбодан әлем кубогы

4-7
шiлде

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Астана қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Самбо күресi федерациясы (келiсiм бойынша)

5.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жүлдесiне арналған халық ойындары

15-19
шiлде

Пав-
лодар
қаласы

Қазақстан
Республикасы
Туризм және
спорт министрлiгi,
Павлодар облысының әкiмi

6.

Триатлоннан Азия кубогының кезеңi

28-31
шiлде

Ақмола
облы-
сының
Бура-
бай
кентi

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясы (келiсiм бойынша)

7.

Волейболдан "Қазақстан
Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың кубогы" үшiн халықаралық турнир

10-18
қыр-
күйек

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы (келiсiм бойынша)

8.

ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықтағы "Дәстүрлi күрес түрлерi бойынша дүниежүзілік фестиваль"

2-7 қараша

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Қазақша күрес федерациясы (келiсiм бойынша)

9.

Коньки спортынан Азия
чемпионаты

27-29
қазан

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Коньки спорты федерациясы (келiсiм бойынша)

       Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.10.30. N  309-ө  өкімімен.

                                            Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                            2006 жылғы 7 сәуірдегі
                                                N 90-ө өкiмiмен
                                                    бекiтiлген

 2006 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми
     халықаралық жарыстарды дайындау және өткiзу жөнiндегi 
               ұйымдастыру комитетiнен құрамы

Досмұхамбетов              - Қазақстан Республикасының Туризм
Темiрхан Мыңайдарұлы         және спорт министрi, төраға

Бабақұмаров                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы              және ақпарат вице-министрi

Белоног                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович       сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
                             санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                             комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
                             Республикасы мемлекеттiк санитарлық бас
                             дәрiгерi

Зверьков                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович               министрiнiң орынбасары

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Әбiлғазы Қалиақпарұлы        коммуникация вице-министрi

Қасымов                    - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы   бiрiншi вице-министрi

Есенбаев                   - Ақмола облысының әкiмi
Мәжит Төлеубекұлы

Кулагин                    - Қостанай облысының әкiмi,
Сергей Витальевич            Қазақстан Республикасы Триатлон
                             федерациясының құрметтi президентi
                             (келiсiм бойынша)

Нұрпейiсов                 - Павлодар облысының әкiмi
Қайрат Айтмұхамбетұлы

Тасмағамбетов              - Алматы қаласының әкiмi
Иманғали Нұрғалиұлы

Шөкеев                     - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы

Атамқұлов                  - "Қазақстан темiр жолы" акционерлiк
Ерлан Дүмшебайұлы            қоғамының президентi (келiсiм бойынша)

Досымбетов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы               Олимпиада комитетiнiң президентi,
                             Қазақстан Республикасының Қазiргi
                             көпсайыс және биатлон одағының
                             президентi (келiсiм бойынша)

Захарин                    - "Балуан Шолақ атындағы спорт және
Юрий Кузьмич                 мәдениет сарайы" коммуналдық
                             мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
                             (келiсiм бойынша)

Қарабалин                  - "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының
Ұзақбай Сүлейменұлы          президентi (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады