Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестi шақыру бойынша бастамасын, Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң Екiншi саммитiн (бұдан әрi - АӨСШК-нiң Екiншi саммитi) Қазақстан Республикасында 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында дайындау мен өткiзудi жүзеге асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi АӨСШК-нiң Екiншi саммитiн дайындау мен өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
1) 1-қосымшаға сәйкес Әзiрбайжан Республикасының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Египет Араб Республикасының, Израиль Мемлекетiнiң, Yндiстан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Корей Республикасының, Қырғыз Республикасының, Моңғолияның, Пәкiстан Ислам Республикасының, Палестина Мемлекетiнiң, Ресей Федерациясының, Тайланд Корольдiгiнiң, Тәжiкстан Республикасының, Түркия Республикасының, Өзбекстан Республикасының (бұдан әрi - мүше мемлекеттер), Вьетнам Социалистiк Республикасының, Индонезия Республикасының, Малайзияның, Америка Құрама Штаттарының, Украинаның, Жапонияның (бұдан әрi - қадағалаушы мемлекеттер), Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, Араб мемлекеттерi лигасының (бұдан әрi - қадағалаушы ұйымдар), Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң, Еуропалық Одақтың, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрi - қонақ мемлекеттер) ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) АӨСШК-нiң Екiншi саммитiн өткiзуге арналған шығыстарды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету", 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" және 004 "Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiмен бiрлесiп, байланысты қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдар және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегациялары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының арнайы ұшақтарына Алматы қаласының әуежайында техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
6. Алматы қаласының әкiмi мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларын қарсы алу және шығарып салу, Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының басшыларын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.
8. Мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларына қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында оларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының министрліктері бекітілсін.
9. Осы өкiмнiң іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.
Премьер-Mинистр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 10 маусымдағы
N 158-ө өкiмiне
1-қосымша
АӨСШК-нiң Екiншi саммитiне мүше мемлекеттердiң,
қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және
қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының басшылары мен
мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Алматы қаласының "Риджент Анкара", "Хаят Ридженси" отелдерiне және қонақтар резиденцияларына АӨСШК-нiң Екiншi саммитiне қатысатын мүше мемлекеттердiң ресми делегациялары мүшелерiн 1+5 форматы бойынша, қадағалаушы мемлекеттердi, қадағалаушы ұйымдарды 1+2 форматы бойынша және қонақ мемлекеттердi 1+2 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегациялары басшыларының орналасқан орындарына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн орналастыру.
3. Залдарды, iлеспе аударма үшiн жабдықтарды жалға беру, кеңсе тауарларына, минералды суға, кофе-брейкке және АӨСШК-нiң Екiншi саммитiн, екi жақты кездесулердi өткiзу үшiн қажеттi басқа да шығыстарға ақы төлеу.
4. Баспа өнiмдерiн (баннерлер, папкiлер, қаламдар, кеудеге тағатын белгiлер, бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақыру билеттерi) дайындауға ақы төлеу.
5. Мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерiне сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Алматы қаласы әуежайының VIP залдарында делегацияларды қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастырып, ресми делегацияларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
7. Мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегациялары басшыларының құрметiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан ресми қабылдау ұйымдастыру.
8. Мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.
9. 2006 жылғы 10 - 18 маусымда ұтқыр транкингтi байланысты жалдауға ақы төлеу.
10. Ұтқыр ұялы байланыс қызметтерiне ақы төлеу.
11. Мүше мемлекеттердiң штабтық бөлмелерiне және мiнәжат етуге арналған бөлмелердi жалға алуға ақы төлеу.
12. Ұйымдастыру комитетi мен мүше мемлекеттердiң штабтық бөлмелерi үшiн қажеттi ұйымдастыру техникаларын, телефон байланысы мен кеңсе тауарларын жалға алуға ақы төлеу.
13. Iлеспе аудармашылар қызметтерiне ақы төлеу.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 10 маусымдағы
N 158-ө өкіміне
2-қосымша
АӨСШК-нің Екінші саммитіне қатысатын мүше
мемлекеттердің, қадағалаушы мемлекеттердің, қадағалаушы
ұйымдардың және қонақ мемлекеттердің ресми
делегацияларының басшыларына
Қазақстан Республикасының министрліктерін бекітіп беру
Р/с № |
Делегация |
Бекітіліп берілген министрліктер |
1 |
2 |
3 |
1. |
Әзірбайжан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
2. |
Ауғанстан Ислам Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
3. |
Египет Араб Республикасы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
4. |
Израиль Мемлекеті |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
5. |
Үндістан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
6. |
Иран Ислам Республикасы |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
7. |
Қытай Халық Республикасы |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
8. |
Қырғыз Республикасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
9. |
Монғолия |
Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі |
10. |
Пәкістан Ислам Республикасы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
11. |
Палестина Мемлекеті |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
12. |
Ресей Федерациясы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
13. |
Тайланд Корольдігі |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
14. |
Тәжікстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
15. |
Түркия Республикасы |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
16. |
Өзбекстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
17. |
Вьетнам Социалистік Республикасы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
18. |
Индонезия Республикасы |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі* |
19. |
Корей Республикасы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
20. |
Малайзия |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі* |
21. |
Америка Құрама Штаттары |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі* |
22. |
Украина |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі* |
23. |
Жапония |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі* |
24. |
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
25. |
Біріккен Ұлттар Ұйымы |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
26. |
Араб мемлекеттері лигасы |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
27. |
Сауд Арабиясы Корольдігі |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
28. |
Біріккен Араб Әмірліктері |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
* Жоғары деңгейдегі делегациялар қатысқан жағдайда, оларға бекітіп беру өзгеруі мүмкін.