1. Қоса берiліп отырған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 13 шiлдедегi
N 199-ө өкiмiмен
бекітілген
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi)
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы Заңын iске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық
кесiмдердiң тiзбесi
Р/с
|
Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң атауы |
Кесiм нысаны |
Жауапты мемлекеттiк органдар |
Орындау мерзiмi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы |
Қаржыминi (жинақтау), ЭMPM |
2006 жылғы тамыз |
2. |
Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық ставкаларының
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы |
Қаржыминi (жинақтау), ЭMPM |
2006 жылғы тамыз |
3. |
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу және пайдалану бойынша жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғa, олардың мердiгерлері немесе қосалқы мердiгерлерi әкелетiн, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы |
ККМ (жинақтау), ИСM, Қаржымині |
2006 жылғы тамыз |
4. |
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желiсiн салу және пайдалану бойынша жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердiгерлері немесе қосалқы мердiгерлерi әкелетiн, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы |
ЭМРМ (жинақтау), ИСМ, Қаржымині |
2006 жылғы тамыз |