1. Қоса берiлiп отырған "Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi:
1) орталық мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 17 шілдедегі
N 206-ө өкімімен
бекітілген
"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы"
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық кесімдердің тізбесі
Р/с
|
Нормативтік құқықтық кесімнің атауы |
Кесімнің нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді аккредиттеу ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ (жинақтау), БҒМ, "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ |
2006 жылғы қазан |
2. |
Бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттар беру және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есеп беру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині, "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ |
2006 жылғы тамыз |
3. |
Бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттар алуға арналған өтінімдерге мемлекеттік ғылыми-технкалық сараптама және экономикалық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині, "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ |
2006 жылғы қыркүйек |
4. |
Пайдаланылуы ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтар алу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ (жинақтау), Әділетмині,БҒМ, ҰҚК, "ҰИҚ" АҚ |
2006 жылғы қараша |
5. |
Технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердің персоналына және офистік, өндірістік үй-жайларына қойылатын талаптарды айқындау |
Уәкілетті органның атауы |
ИСМ (жинақтау), "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ |
2006 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
:
ИСМ - Индустрия және сауда министрлiгi
БҒМ - Білім және ғылым министрлiгi
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі
Қаржыминi - Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi - Әдiлет министрлiгi
ҰҚК - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
"ҰИҚ" АҚ - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы
"ИТТО" АҚ - "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы"
акционерлiк қоғамы