"Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 17 шілдедегі N 206-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi:
      1) орталық мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                             2006 жылғы 17 шілдедегі
                                                N 206-ө өкімімен
                                                      бекітілген

      "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы"
    Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы
 Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
              құқықтық кесімдердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді аккредиттеу ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), БҒМ, "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ

2006 жылғы қазан

2.

Бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттар беру және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині, "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ

2006 жылғы тамыз

3.

Бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттар алуға арналған өтінімдерге мемлекеттік ғылыми-технкалық сараптама және экономикалық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині, "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ

2006 жылғы қыркүйек

4.

Пайдаланылуы ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтар алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), Әділетмині,БҒМ, ҰҚК, "ҰИҚ" АҚ

2006 жылғы қараша

5.

Технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердің персоналына және офистік, өндірістік үй-жайларына қойылатын талаптарды айқындау

Уәкілетті органның атауы

ИСМ (жинақтау), "ҰИҚ" АҚ, "ИТТО" АҚ

2006 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы :
 
ИСМ          - Индустрия және сауда министрлiгi
БҒМ          - Білім және ғылым министрлiгi
ЭБЖМ         - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі
Қаржыминi    - Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi   - Әдiлет министрлiгi
ҰҚК          - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
"ҰИҚ" АҚ     - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы
"ИТТО" АҚ    - "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы"
               акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады