1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 22 тамыздағы
N 237-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті
кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық кесімнің атауы |
Кесімнің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік органдар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
2006 жылғы қыркүйек |
2. |
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының қаулысы |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі |
2006 жылғы қыркүйек |
3. |
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының қарыздар ұсыну және кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банкте (-терде) депозиттер орналастыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының қаулысы |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі |
2006 жылғы қыркүйек |
4. |
Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы |