1. Қоса беріліп отырған "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиісті тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектілері мен нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы»15 тамыздағы
N 246-ө өкімімен
бекітілген
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы"
және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне тиісті тауар нарығында үстем жағдайға
ие табиғи монополия субъектілері мен нарық
субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық кесімнің атауы |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалу мерзімі |
1. |
Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізу ережесін бекіту туралы |
ИСМ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы қыркүйек |
2. |
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесін бекіту туралы |
ИСМ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы қыркүйек |
3. |
Монополияға қарсы органның үстем байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілеріне телекоммуникациялардың басқа желілерін қосу шартын бекіту ережесін бекіту туралы |
ИСМ (жинақтау), АБА |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы қыркүйек |
4. |
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылыққа монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
5. |
"Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
6. |
"Тауар нарықтарында бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 77-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
7. |
Монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға арналған қолдаухаттар беру және оларды қарау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
8. |
"Бәсекелестікті шектейтін рынок субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-қимылдарын) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 ақпандағы N 34-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
9. |
Монополиялық табысты айқындау жөніндегі ережені бекіту туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
10. |
Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
11. |
Аумақтық бөлімшелердің шешімдеріне (ұйғарымдарына) тексеру жүргізу туралы ережені бекіту туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
12. |
Белгілі бір тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаның өсетіні туралы хабардар ету ережесін бекіту туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
13. |
"Белгілі бір тауар рыногының шекараларын айқындау және рынок субъектісін монополист деп тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының 2000 жылғы 17 сәуірдегі N 77-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
14. |
"Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ИСМ
|
ИСМ
|
2006 жылғы қыркүйек |
15. |
"Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 301 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ИСМ |
ИСМ-нің бұйрығы |
2006 жылғы қыркүйек |
16. |
"Монополиялық табысты айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 302 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ИСМ |
ИСМ-нің бұйрығы |
2006 жылғы қыркүйек |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
БҚК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті