"Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 82-ө
өкіміне
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесінде:
реттік нөмірі 27-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркелген жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшері, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат";
3-бағандағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 37-жолда 3-бағандағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 41-жолда 3-бағандағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептік деректерге талдамалы түсіндірмелер - есепті кезеңнен кейінгі 100-күні, Ұлттық Банк".
Премьер-Министр