Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 82-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 275-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 82-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесінде:
      реттік нөмірі 27-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тіркелген жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшері, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат";
      3-бағандағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 37-жолда 3-бағандағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 41-жолда 3-бағандағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есептік деректерге талдамалы түсіндірмелер - есепті кезеңнен кейінгі 100-күні, Ұлттық Банк".

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады