Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты тереңдету, 2006 жылғы 6 - 7 қараша кезеңiнде Астана қаласында Армения Республикасының Президентi Роберт Кочарянның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
осы өкiмге қосымшаға сәйкес Армения Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
сапарды өткiзуге арналған шығыстарды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Армения Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Армения Республикасының Президентi Роберт Кочарянның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерінің, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.
7. Астана қаласының әкiмi Армения Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бiрге жүрудi, сондай-ақ мәдени бағдарлама мен ресми қабылдаулар ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында және "Ақорда" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында Армения Республикасының Президентi Роберт Кочарянды қарсы алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын.
9. Осы өкiмнің iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 1 қарашадағы
N 312-ө өкiмiне
қосымша
Армения Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Армения Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос-Президент Отель" қонақ үйiнде 1+1+10 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астана қаласында "Риксос-Президент Отель" қонақ үйiне орналастыру.
3. Баспа өнiмiн (бейдждер, автомобильге арналған рұқсаттамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Армения Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Iс-шаралар өткiзiлетiн орындарды гүлмен безендiру.
6. Армения Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
7. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Армения Республикасының Президентi Роберт Кочарянның құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
8. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форум өткiзу үшiн қажеттi, залды, слайд-проекторды, компьютерлердi, құлақшаларды, микрофондарды жалға алуға, кофе-брейктерге, кеңсе тауарлары мен минералды суға ақы төлеу.
9. Армения Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға болатын орындарында медициналық қызмет көрсету.