Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды бақылау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 28 қыркүйектегi N 284-ө өкiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақта:
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Құрылыс iстерi жөнiндегi комитет) тиiстi аумақтық сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармаларының" деген сөздер "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi, төртiншi, бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiне ай сайын Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн";