Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруды бақылау тәртiбi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 284-ө Өкімі

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      бюджеттік қаражат есебiнен жүзеге асырылатын тұрғын үй салуға арналған мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде конкурстық комиссиялардың құрамына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдарының, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктердің өкілдерiн енгiзсiн;
      Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың ай сайынғы мониторингiн жүзеге асырсын.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiне ай сайын Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N  317 өкімімен.

      2.  алынып тасталды
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N  317 өкімімен.

      3. Мемлекеттiк мекемелер - бюджет қаражаты есебiнен салынатын тұрғын үй құрылысының тапсырысшылары мердiгерлiк (бас мердiгерлiк) ұйымдарға ақы төлеудi белгiленген тәртiппен және облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдары растаған орындалған жұмыстардың актісi негiзiнде жүргізсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N  317 өкімімен.

      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау және iс-қимылды үйлестiру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады